«Кеңгір селосының №2 ЖОББМ» КММ-де 2021 жылдың 25-қаңтарында мектепалды даярлық сыныбында математикалық білім беру сапасын арттыру мақсатында ұйымдастырылған «Математикалық сауаттылық» апталығы басталды. Апталықтың алғашқы күні бекітілген жоспарға сәйкес іс-шаралар жүргізілді. «Қызықты математика» тақырыбы бойынша әр топта ашылу салтанаты өткізілді. «10-ға дейін есептей алатын лақ», «Кім біледі, әрі қарай санасын» тақырыптары бойынша даярлық топтарының қазақ және орыс топтарында өткізілген іс-шараға балалар қызығушылық таныта отырып, белсене қатысты. «Сүйікті фигураның портреті» тақырыбы бойынша қашықтықтан оқитын балалармен жұмыстар жасалынып, көрме ұйымдастырылды. Сонымен қатар «Қасқыр мен жеті лақ» ертегісінен қойылым көрсетіліп, «Дүкенші» сюжеттік-ролдік ойындарын өткізу кезінде барлық топ балалары қызығушылықпен ат салысты. Қозғалмалы ойындарда қамтылып отырды. Апталықтың алғашқы күні балалар үшін қызықты басталды.