«Кеңгір селосының №2 ЖББМ»КММ-і Зейін жобасы аясында өткізілген «ХХІ ғасыр — сауатты ұрпақ ғасыры!» атты Оқу сауаттылығы апталығының жоспарына сәйкес, 23.01.2021 жылы Оқу сауаттылығы апталығының жабылуына орай 1-4 сыныптар арасында Республикалық және халықаралық кітап басып шығару мұражайларына, көпшілік кітапханаларына сырттай экскурсиялар ұйымдастырды. Сырттай экскурсия Нұрсұлтан қаласындағы ұлттық музей, Отырар кітапханасы туралы бейнероликтер көрсетілді. Оқушылар бейнероликтерді қызыға тыңдап, өздеріне керекті ақпараттар қорын алды. 1-4 сынып оқушылары арасында Қазақша мультфильм. «Толағай» көру, талдау, бас кейіпкерді сомдау (сурет салу) өткізілді. Толағайды көрген оқушылар, өздерінің де Толағай секілді алып, батыр, еліне жанашыр болатындарын мақтанышпен айтты. Толағайды сомдап, суретін қызыға салды. Суреттерден көрме ұйымдастырылды.