«Кеңгір селосының №2 ЖББМ»КММ-нің кітапханашысы Б.Б. Утенова 1-11 сынып оқушыларының арасында «Кітап-өмір ұстазы» тақырыбында кітап алмастыру мақсатында, «Өзің оқы да, өзгеге табыс ет» қағидасы негізінде Буккросинг ұйымдастырды. Іс-шараның негізгі мақсаты оқушыларды кітап оқуға ынталандыру, қызығушылығын арттыру. Сонымен бірге, 10-11 сынып оқушыларына буктрейлер туралы ақпарат берді. Оқушыларға белгілі бір кітап туралы көркем түрде әңгімелейтін қысқа бейнеролик көрсетті. Іс-шараға барлық сынып жетекшілер мен мектеп ұстаздары атсалысты. Оқушылар бір-бірімен кітап алмасып, оқыған кітаптарымен бөлісті. Оқушылар қызыға қатысып, белсенділік танытты.