«Кеңгір селосының №2 ЖББМ» КММ-де «ХХІ ғасыр — сауатты ұрпақ ғасыры!» атты Оқу сауаттылығы апталығының жоспарына сәйкес, 22.01.2021 жылы «Кітап — өмір ұстазы» бағыты бойынша «Ертегілер елінде» тақырыбында мектептің бастауыш сынып оқушылары отбасыларымен бірге белсені қатысты. Қатысушылар ертегілердің желісі бойынша сахналық қойылымдар қойып, үзінділер оқып, балаларымен бірге талқылады. Оқушылар отбасымен бірге ертегілер еліне саяхат жасап қайтқандай болды. Сонымен бірге, 1-4 сынып оқушылары арасында «Менің отбасым және кітап!» фотоакциясын өткізді. Оқушылар отбасымен қызыға оқитын кітаптарын таныстырып, әңгімелеп берді. Осындай іс-шара отбасының бір-біріне деген ықыласын, кітап оқуға деген құлшынысын арттыратын бірден бір тәсіл болмақ.









