Атты оқу сауаттылығы апталығының кезекті жоспары бойынша «Кеңгір селосының №2 ЖББМ»КММ-де «Ұстаздық еткен жалықпас…» тақырыбында мектеп ұстаздарымен, жас мамандармен шеберлік сыныптары жүргізілді. Атап айтсақ, «Жасөспірімдердің өмірлік құндылықтары», «Lesson study – біздің тәжірибемізде», «Блум таксономиясы» бойынша деңгейлеп оқытудың тиімділігі» тақырыптарында мектеп ұстаздары өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. Онда Lesson study үдерісінің маңыздылығын, оқуды, оқытуды жетілдіру және оның сапасын арттыру, мұғалімдердің тәжірибесін дамыту, әріптестерге қолдау көрсету мақсатында зерттеу сабақтары бойынша зерттеу тобының мүшелері өз ойларымен бөлісті. Сонымен бірге, жасөспірімдер арасында жалпы өмірлік құндылықтар тұлғаны рухани — адамгершілікке тәрбиелеу негізі екені жайлы түсінік беру, өмірде адамнан асқан құндылық жоқ екендігін түсіндіре отырып, бақытты өмір сүру үшін өзін-өзі психологиялық тұрғыдан дайындауға, жеке қасиеттерін білуге тәрбиелей отырып, дұрыс қарым-қатынасқа түсу мәдениетін және жағымды «Мен» концепциясын қалыптастыру мақсатында мектеп оқушыларымен мектеп психологы А.Б.Сарсенбаева «Жасөспірімдердің өмірлік құндылықтары» тақырыбында тренинг өткізді.
«Блум таксономиясы бойынша деңгейлеп оқытудың тиімділігі» тақырыбында А.Т. Абдикаримова баяндама жасады. Қазіргі таңдағы еліміздегі білім беру жүйесінің ең басты міндеті – білім берудің ұлттық моделіне өту арқылы жас ұрпақтың білім деңгейін халықаралық дәрежеге жеткізу. Ол үшін білім беруді «Блум таксономиясы» бойынша ұйымдастыру өте тиімді екенін, оқушылардың дайын ақпаратты қабылдауынан гөрі, берілген ақпаратты өзі талдап, саралап, түсініп, қолдану арқылы білімін жетілдіре түседі деген пікір айтты. Шеберлік сыныпқа жас мамандар да қатысып, өздерінің түрлі сұрақтарына жауап алды.
View the embedded image gallery online at:
https://mektep2-zhez.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/179-khkhi-asyr-sauatty-rpa-asyry-2.html#sigFreeId9bd88a3764
https://mektep2-zhez.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/179-khkhi-asyr-sauatty-rpa-asyry-2.html#sigFreeId9bd88a3764









