Мақсаты: оқушыларды белгілі бір тақырыпқа байланысты мақал айта білуге, жасырылған жұмбақтың шешімін табуға, шапшаң ойлануға үйрету. Ұтқыр да, ұтымды пікір айта білуін дәріптеу. Мақал айту арқылы оқушылардың ақыл – ойын, сана сезімін, танымдық қабілеттерін, білімділігін, сөз саптауларын дамыту.Халық ауыз әдебиетінің түрлерімен таныстыра отырып, балаларды адамгершілікке, адалдыққа, ата – баба асыл өсиеттерін ұмытпай отыруға тәрбиелеу. 5 «А», 5 «Б» сынып оқушыларынан «Аламан», «Тұлпар» атты екі топ құрылды. Сайыс төрт бөлімнен тұрды.
Сайыстың өтілу барысы:
1. Өздерін таныстыруы, ұраны, төсбелгісі, топтың аты.
2. Мақалдар сайысы.
3. Жұмбақтар сайысы.
4. Көрермендер сайысы.
5. Қорытынды бөлім.
Сайыстқа екі топ та белсенді қатысып, арнайы мадақтама қағаздарымен марапатталды.
View the embedded image gallery online at:
https://mektep2-zhez.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/173-20-a-tar-k-ni-aza-tili-men-debieti-p-nini-m-alimi-boranbaeva-elmira-talgatovnany-jymdastyruymen-5-synyp-o-ushylary-arasynda-mektepishilik-my-bir-ma-al-zh-z-bir-zh-mba-atty-sajys-tkizildi.html#sigFreeId5449895996