2021 жылдың 18 қаңтарынан бастап Қарағанды облысының барлық білім беру ұйымдарында функционалдық сауаттылықты дамыту бағытында апталықтар басталғаны белгілі. «Кеңгір селосының №2 ЖББМ»КММ-де бұл іс-шара «Функционалды сауаттылық – тұлға қалыптастырудың жаңа жолы» тақырыбында бүгін де (19.01.2021 жылы) жалғасын тапты. Атап айтсақ, «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» (Kahoot тест), Ы.Алтынсариннің «Бақша ағаштары», «Білгеннің пайдасы» әңгімелері бойынша «бестік» диктант жазу, еркін және әдеби тақырыптарда эссе жазу тапсырмалары онлайн түрінде де, офлайн түрінде де 2-11 сыныптар арасында жүзеге асты. 2-4 сынып оқушылары арасында «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» Каhoot тесті жүргізілді. Оқушылар тестті шапшаңдықпен, қызығушылықпен орындады. Ы.Алтынсарин. «Бақша ағаштары» әңгімесінен бестік диктанты алынды. Бестік диктантқа 2-4 сынып оқушылары қатысты. Оқушылар өткізілген іс-шараларға белсенділік танытты.