2021 жылдың 18-қаңтар күні Қарағанды облысы білім басқармасының Жезқазған қаласы білім бөлімінің «Кеңгір селосының #2 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-де облыстық «ХХІ ғасыр — сауатты ұрпақ ғасыры!» атты оқу сауаттылығы апталығының бірінші күні салтанатты жиынмен басталды. 5-9-11 сыныптар аралығында жиын офлайн форматта өтті. Жиынға барлық сақтық шаралары орындала отырып, кезекші сыныптар қатысты. Саптық жиында мемлекетіміздің әнұраны орындалды. Оқу ісінің меңгерушісі Танкаева Елена Мауеновна оқушыларға сәттілік тілеп, белсенділік танытуын білдірді. Оқушыларға функционалдық сауаттылық апталығын өткізудің негізгі мақсаты мен міндеттерін таныстырып өтті. 11-сынып оқушылары Әжібай Берген мен Бахытжанова Ақбота жиынды жүргізіп, белсенділік танытты. 5-сынып оқушылары мәнерлеп өлең оқыса, музыка пәнінің мұғалімі Жолдыбаева Дидар Рахимбековнаның шәкірттері әннен шашу шашты. Одан әрі мектебіміздің ұстаздары, әр сынып жетекшілері кезекші сыныптармен санитарлық норманы сақтай отырып офлайн түрінде, қашықтықтан оқып жатқан сыныптар үшін онлайн түрінде сынып сағаттарын өткізді. Бұл апталықтың негізгі мақсаты: Оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын қалыптастыру негізінде гуманитарлық пәндердің мүмкіндіктерін анықтай отырып, оқушылардың танымдық қызығушылығын, жеке, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Міндеттері:
оқушылардың тіл, әдебиет сабағына деген қызығушылықтарын дамыту;
орфографиялық сауаттылық деңгейін арттыру;
оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру;
оқушылардың сөздік қорын байыту;
оқушылардың коммуникативті дағдыларын дамыту;
отбасылық кітап оқу дәстүрін жандандырып, жетілдіру.
Апталық қаңтар айының 23-не дейін жалғасын таппақ.
Мектебіміздің ата-аналарын, ұстаздарын, оқушыларын ұйымшылдықпен қатысуға ШАҚЫРАМЫЗ!
https://mektep2-zhez.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/162-khkhi-asyr-sauatty-rpa-asyry.html#sigFreeId2ffba55cea









