Жиналыс барысында мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Д.Қарамендиева жиналыстың мақсат-міндеттерімен және шақырылған қонақтармен таныстырды. Жиналысқа арнайы шақырылған қонақтарымыз Жезқазған қаласының ПБ ЖПКБ ЮПТ аға майоры Құрманбаева Ж.Б. қаламыздағы жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша «Бала қауіпсіздігі»акциясы жүріп жатқанын айта отырып, қыз балалардың қойған сауалдарына жауаптар берді, ал Орталық емхана маманы акушер Еркінова Ханым қыз балаларымызға жеке бас тазалығы жайлы, ерте жүктіліктің жасөспірімге зиян екенін және мұндай істерден алшақ жүру керектігін баяндады. Сонымен қатар мектебіміздің медбикесі Нұрғайша Советбекқызы қыздарда жиі кездесетін гигиеналық бұзушылықтарды болдырмауға кеңестер берді. Мектеп психологы Айым Берлібекқызы «Қызым, саған айтамын…» тренингін өткізіп, қыз балаларға өз ата-аналарына жақын болудың жолдарын айқындайтын кеңестер мен ұсыныстарын берді. Жиналыс соңында сынып жетекшілер мен оқушыларымыз кері байланыс жасап, көптеген мәліметтер алғандарын айтып, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.
https://mektep2-zhez.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/155-ke-gir-selosyny-2-zhobbm-kmm-ni-9-11-synyptardy-yz-balalarymen-erte-zh-ktilikti-aldyn-alu-ma-satynda-zoom-platformasy-ar-yly-2020-zhyldy-25-shi-zhelto-sanynda-yzdar-zhinalysy-tkizildi.html#sigFreeIdbc319de949









