Кеңгір селосының №2 жалпы орта білім беретін мектебінде облыстық «Өнегелі өмір» жобасы жоспарына сай 2020 жылдың 25 желтоқсан күні «Ұрпақ тәрбиесі — ұлт болашағы» тақырыбында ҚР-ның білім беру ісінің үздігі, «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісінің, «Еңбек ардагері» медалінің иегері Бекетова Ақыл Аубекқызымен онлайн кездесу өтті. Кездесудің алғы сөзін мектеп басшысы Абеева Марал Сламбекқызы бастап, өзінің жылы лебізін білдірді. Кездесуді қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Боранбаева Эльмира жүргізді. Бұл кездесуге қала мектептерінің ұстаздары мен оқушылар да қатысты.
Жоба мақсаты: жетістік пен табысқа жеткен тұлғалардың іс-тәжірбиесімен, бейнесімен таныстыру арқылы жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру, өмірге дайындау, қоғамда, өмірде өз орындарын таба білуге баулу және кәсіби бағдарлау.
Сұхбат барысында оқушылар, ұстаздар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, Ақыл Аубекқызынан біраз кеңестер алды. Поэзия әлеміне саяхат жасалып, қонағымыз Абай атамыздың өлең жолдарын оқыды. Мектеп ұжымы және оқушылары атынан Ақыл Аубекқызына алғыс білдіреміз.
View the embedded image gallery online at:
https://mektep2-zhez.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/154-2020-zhyldy-25-zhelto-san-k-ni-r-ny-bilim-beru-isini-zdigi-nlajn-kezdesu-tti.html#sigFreeId99db268753
https://mektep2-zhez.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/154-2020-zhyldy-25-zhelto-san-k-ni-r-ny-bilim-beru-isini-zdigi-nlajn-kezdesu-tti.html#sigFreeId99db268753









