Жасөспірімдердің арасында ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында өткізілген жиналыста мектебіміздің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Д. Карамендиева «Қыз бала тəрбиесі-ұлт тəрбиесі» тақырыбында қысқаша баяндама оқып,мектеп медбикесі Н.С.Әбжиева ерте жүктіліктің организмге зияны мен қауіптері жөнінде түсіндірме жұмысын жүргізді. Мектеп психологы А.Б.Сарсенбаева «Қызым-үйде, қылығы — түзде» тақырыбында тренинг өткізіп, ата-аналарға ерте жүктіліктің алдын-алу кеңестерін берді.