Кездесуді мектеп психологы Айым Берлібекқызы және жоба модераторы Динара Қанатқызы жүргізді. Кездесудің кезекті қонағы Серке Қожамқұлов театрының жас болса да талантты актеры, «Қазақ өнерінің қайраткері» төсбелгісінің иегері Саденов Мәди Қайратұлы болды. «Театр-өнердің қайнар көзі» атты сұхбат қонағы өзінің армандаған мамандығына қалай қол жеткізгенін, жалпы театр өнеріне келген жолының қыр-сырымен бөлісті. Сонымен қатар оқушыларға өзі сомдаған кейіпкерлерінің бірінен үзінді оқыды. Өнерін тамашалаған оқушылар арасынан «Драма» үйірмесінің қатысушысының бірі 9Б сынып оқушысы Нұрлан Роза Қайрат Рысқұлбековтың «Ақтық сөз» өленің образдық кейіпке салып оқып берді. Оқушылар өздерінің ойларындағы сауалдардың жауабын таба алды. Мәди Қайратұлының шынайы және еркін жауабы оқушыларға қызықты болды. Мектеп оқушылары және ұстаздары атынан Мади Қайратұлына толағай табыс пен шығармашылық жетістіктер тілейміз.









