30 қараша күні «Кеңгір селосының N 2 жалпы орта білім беретін мектебінде Zoom платформасы арқылы 9-11 сынып оқушыларына Жезқазған қаласы АИТВ орталығының педагог психологы Беспаева Гульнур Есмуратовна «АИТВ инфекциясының алдын алу» — тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Педагог-психолог жасөспірімдердің арасында АИТВ инфекциясының таралуына жол бермеу керектігін, денсаулықтарын күтіп, салауатты өмір салтын ұстануға керектігін атап өтті. Сонымен қатар аталған тақырып бойынша қысқаша ақпарат берді.Оқушылар маманға сұрақтар қойып, АИТВ инфекциясының таралу жолдарын, қалай жұғатындығы жəне оның зардабы туралы мағлұмат алды.Алдағы уақытта салауатты өмір салтын насихаттайтын іс-шаралар жалғасын табады.
https://mektep2-zhez.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/145-aitv-infektsiyasyny-aldyn-alu.html#sigFreeId571fb02205









