Кеңгір селосының N2 жалпы орта білім беретін мектебінің оқушылары Дүниежүзілік ЖИТС — пен күресу күніне орай өз ойларын сурет арқылы жеткізді. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы 1988 жылы 1 желоқсан күнін ЖИТС- пен күресу күні деп белгіледі және әлеуметтік төзімділікке шақырды. Содан бері бұл күн әр түрлі ұрандармен, іс- шаралармен өткізіледі. Іс- шаралардың мақсаты — халықты салауатты өмір салтын насихаттауға шақыру, аждаһа дертті ауыздықтау, халыққа аурудың алдын-алу менд жұқтырып алмау тәсілдерінін түсі.
«Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» демекші, адамға денсаулық бір- ақ рет беріледі, ал сіздің денсаулығыңыз –өзіңіздің қолыңызда. Әр адамның мәнді де сәнді өмір сүруі үшін денсаулықтың әсері ұшан-теңіз екен. Сондықтан да өмірдегі ең жарқын жастық шақтарымызда дендеріміздің саулығына бүгіннен бастап қамқор болайық. Жастық шақтарымыздың тамырына анаша, арақ, темекі балта болып шабылмасын!









