Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай мектебіміздің 1-4 сыныптарының қатысуымен «Менің Қазақстаным», «Менің Тұңғыш Президентім» тақырыптарында сурет сайысы ұйымдастырылды.Сонымен қатар 6-11 сыныптармен онлайн тəрбие сағаттары өткізілді.
 
Қараша айында «Кеңгір селосы №2 ЖОББМ» КММ -сінде мектеп психологы Сарсенбаева Айым Берлибековна 8-11 сыныптардың қыз балаларымен қашықтықтан «Қыз бойжеткен ана» тақырыбында жиналыс өткізді. Қыздармен әңгімелесе отырып, ар — намысын, сұлулығын жоғары қоя біліп, жұрт алдында абыройлы болуға тәрбиелеу, салауатты өмір салтын қалыптастырудағы ой өрісін дамыту, зиянды әрекеттерге еліктеудің, қызығудың өмірлеріне қауіп тудыратынын ескерту мақсатында өткен іс-шара соңында психологиялық тұрғыдан кеңестер айтылды.