«Кеңгір селосының #2ЖОББМ» КММ кітапханашысы Утенова Б.Б.-мен 8-10 сынып оқушылары Президент жолдауын оқып, талқылады. Әңгіме сағатына мектептің АӘД пәні мұғалімі А.А.Ахмет қатысып,өз ойын ортаға салды. «Жаңа жағдайдағы Қазақстан:іс-қимыл кезеңі»атты Президент жолдауы -еліміз үшін жыл сайын басшылыққа алынатын басты құжат.
ҚР Конституциясы 44-бабының 1-тармақшасына сәйкес ҚР Президенті Қазақстан халқына елдегі жағдаймен республиканың ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы жыл сайын жолдау арнайды.Президент әлемді әбігерге салған пандемия кезінде айқын көрініс тапқан еліміздегі өзекті мәселелердің бәрін көтере білді.
2021 жылдан бастап мұғалімдер жалақысы 25%-ға өседі.Сондай-ақ қашықтан оқытудан біртіндеп дәстүрлі оқуға көшуді қарастыру,бірыңғай онлайн оқу форматын жетілдіру,елімізде жас ғалымдарды қолдау мақсатында ғылыми жобаларға гранттық қаржыландыруды арттыру мәселелеріне басты назар аударды.Оқушыларда ойларымен бөлісті.









