2020 жылдың 27 қараша күні Кеңгір селосының №2 жалпы орта білім беретін мектебінің жоспарына сай, өңіріміздің жетісітік пен табысқа жеткен тұлғалардың өмірін насихаттау мақсатында облыстық «Өнегелі өмір» жобасы шеңберінде онлайн кездесу өтті.
Кездесуіміздің кезекті қонағы Гуманитарлық ғылымдар магистрі, Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің «Рухани жаңғыру» орталығының жетекшісі, гуманитарлық-педагогтік институты директорының орынбасары Кенжебеков Арман Қуандықұлы болды. Өзінің өмірде қол жеткізген арман-мақсаттарымен оқушылармен бөлісе отырып, қызықты сұқбат өткізді. Арыстанова Жанар Серікқызының жүргізген бұл кездесуі мектеп бітіргелі отырған оқушылар үшін кәсіби бағдар берудегі маңызы зор. Арман Қуандықұлының дайындаған бейнесюжеттері оқушылардың болашақта қалаған мақсаттарына жетуге, сенімділікке, аянбай еңбек етуге шақырады. Оқушылар өздерінің көкейлерінде жүрген сұрақтарына жауап алды.
Арман Қуандықұлына шығармашылық табыс тілей отырып, алғыс білдіреміз.









