Кеңгір селосының N2 жалпы орта білім беретін мектебінің 6,7,8 сынып оқушыларымен бірге 25 қараша күні 16:00 де Zoom платформасы арқылы мектеп тәлімгері Салыбай А.Н. жоспарға сәйкес «Полицияның жас көмекшілері» тақырыбында жол қауіпсіздігі ережелерін насихаттау жұмыстарын жүргізіп, оқушылармен пікір алмасты. Жол жүру ережелерін, жол белгілердің түрлерімен таныстырып оқушыларды жол ережелерін қатаң есте сақтауға шақырды. Пікір алмасу барысында 9 «Б» сынып оқушысы Нұрлан Роза оқушыларға ситуациялық сұрақтар қойып, жол белгілерімен таныстырып өз ойын білдірді. Іс-шара соңында оқушылар «Жол ережелері есте сақтаймын» деп уаде берді. Мұндай пікірталас іс- жаралар алдағы уақытта өз жалғасын табады.