Кеңгір селосының №2 жалпы орта білім беретін мектебінің «Өнегелі өмір» жобасы жоспарына сай 2020 жылдың 20 қараша күні «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» тақырыбында «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі»төсбелгісінің иегері, ардагер ұстаз Батырханова Гауһария Тәңірбергенқызымен сыр-сұхбат кездесу өтті.
Кездесуді жоба жетекшісі Умурзакова Д.К. және қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Булегенова А.Т. жүргізді. Кездесуге 7-9 сынып оқушылары қатысты.
Жоба мақсаты: жастарға аға буынның тағылымды жолын үлгі ету, оқушылардың жанына жақын мамандығын , кәсібін табуына ықпал ету, ұстаздық мамандықтың қадір-қасиетін түсіндіру.
Сұхбат барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, ардагер ұстазымыздан біраз кеңестер алды. Оқушылар ұстазға арнап өлең жолдарын оқып, ән орындады. Кездесу өте қызықты өтті. Мектеп ұжымы және оқушылары атынан Гауһария Тәңірбергенқызына алғыс білдіреміз
View the embedded image gallery online at:
https://mektep2-zhez.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/128-stazdy-etken-zhaly-pas-jretuden-bala-a.html#sigFreeId4b539884b1
https://mektep2-zhez.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/128-stazdy-etken-zhaly-pas-jretuden-bala-a.html#sigFreeId4b539884b1









