31.10.2020 жылы Кеңгір селосының №2 жалпы орта білім беретін мектебінде «Өнегелі өмір» жобасы аясында, «Үлкендер жолы-ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып» тақырыбында тәлімді-тәрбиесін танытар сыр-сұхбат кездесу өтті. Кездесуді жоба жетекшісі Умурзакова Д.К., Сақташ З.Қ. жүргізді. Кездесуге 7-11 сынып оқушылары қатысты. Жоба мақсаты: өлкеміздегі халықтың ыстық ықыласына бөленіп жүрген танымал тұлғалардың жырларын оқуға насихаттау, жастардың кітап оқуға құлшынысын арттыру, еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін нығайту.
«Өнегелі өмір» жобасының қонағы Жезқазған қаласы мәслихатының депутаты, «Жастар Жанашыры-2016», «Жезқазған бизнес және көлік колледжінің» жетекшісі, айтыскер, ақын, ұстаз Жумкина Светлана Серікбайқызы. Сұхбат барысында ақын оқушылардың әр сұрақтарына шынайы және өз өмір жолын үлгі ете отырып жауап берді. Кездесу өте әсерлі, қызықты өтті. Оқушылар ақынның шығармашылығынан өлең оқып, ақыннан да оқушыларға жаңа өлең жолдарынан тарту жасалды. Ақынның өмір жолы, жас ұрпаққа өнеге болды. Светлана Серікбайқызына алғысымыз шексіз.
View the embedded image gallery online at:
https://mektep2-zhez.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/118-ltter-zholy-lyly-rpa-y-zh-rer-zh-rginpen.html#sigFreeId6fd9769d78
https://mektep2-zhez.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/118-ltter-zholy-lyly-rpa-y-zh-rer-zh-rginpen.html#sigFreeId6fd9769d78









