18 - ші қазан «Рухани келісім күні» аясында «Бірлік бар жерде тірлік бар» атты «Кеңгір селосының №2 ЖОББМ» КММ-де қайырымдылық акциялары ұйымдастырылды. Іс-шара барысында үйден оқытылатын оқушыларға мектеп құралдары мен тәтті сыйлықтар үлестірілді. Жақсылық пен игілікті іс жасау – адамгершіліктің белгісі. Қайырымдылық акциясына мектеп әкімшілігі мен мектеп ұжымы атсалысты. Ұжымда осындай қамқор жандар барда оқушыларымыз рухани тәрбие алған, саналы, білімді азамат болып өсетініне сеніміміз мол. Алдағы уақытта осындай қайырымдылық акциялар жалғасын табады.