2012 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы 11 – қазан Халықаралық қыздар күн мерекесін күнтізбеге енгізді. Мақсаты – қыздардың құқықтарын мойындау, әлемдегі барлық қыздар ұшырасатын ауыр мәселелерді шешуге көмек қолын созу. Осы мерекеге орай «Кеңгір селосының №2 ЖОББМ»КММ – нің 9-11 сыныптар арасында ZOOM платформасы арқылы «Қыз тәрбиесі-ұлт тәрбиесі» тақырыбында қыздар арасында тәрбие сағаты ұйымдастырылды. Тәрбие сағатын мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Карамендиева А.Д қыздарды мерекесімен құттықтап, қоғамда орын алып жатқан қыздар мәселесі жайында айтып өтті. Тәрбие сағатының барысында ерте жүктіліктің салдары, физиологиялық тұрғыдан жас ағза оған әлі дайын емес, әлеуметтік тұрғыдан – бейберекет жыныстық қатынасқа түсетін жас қыздың алдында күтіп тұрған қиындықтар жайлы сұрақтар талқыланды.Қаламаған жүктіліктің алдын алу, жыныстық мінез-құлықтың адамгершілік сұрақтары бойынша бейнероликтер көрсетілді. Іс-шара соңында 11 сынып оқушысы Асқарова Ұлбосын қыздардың әдептілігі, тәрбиесі жайында өз ойын білдірді. Мұндай тәрбие сағаттары әліде өз жалғасын табады.