Адамның дамуының ең басты кепілшісі-еңбек. «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деп, атам қазақ бекер айтпаған. Шынымен де, адамды адам еткен еңбек. Өз жалқаулығын жеңіп, еңбек ете білген азаматтар ғана бұл өмірде шексіз бақыт пен байлыққа кенеледі. Сол себептен, баланы жастайынан еңбекке баулыған дұрыс. Балалар əке-шешесіне үй шаруашылығына көмектесіп, өз қолқабысын үнемі тигізіп отыруы қажет. Осындай тəрбиеде өскен бала,есейгенде өз жұмысына адал жəне үнемі еңбек етуге даяр болып өседі. Еңбек күні қарсаңында мектебіміздің ата-аналары мен оқушылары арасында «Көп еңбек еткенге басын иеді», «Ақырын жүріп анық бас, еңбегің кетпес далаға» атты челлендж ұйымдастырылды.