Отбасы — адамзат баласының дүниеге шыр етіп келгенде, есігін айқара ашып енетін үйі, өсіп ержететін,тəрбие алатын аса қажетті, əрі қасиетті алтын бесігі. Отбасының басты қызығы, алтын тіреу діңгегі — бала. Баланың тəрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының əсері мол.
Ата — ана бала тəрбиесінің қамқоршысы,өнегесі.Өнегелі ұрпақ тəрбиелеу əр ата-ананың арманы жəне борышы екені даусыз.Əрқашан отбасымыз аман,босағамыз берік болғай. Отбасы күніне арнап мектебіміздің оқушыларымен «Менің отбасым», «Менің отбасымдағы дəстүрлер», «Отбасым -бақыт мекенім» тақырыптарында онлайн тəрбие сағаттары, шығарма жазудан, сурет салудан сайыстар ұйымдастырылып, ата-аналар мен оқушылардың қатысуымен сынып жетекшілері бейнебаяндар дайындады.










