«Кеңгір селосының №2 ЖББМ» КММ-нің "МАТЕМАТИКА БІЗДІҢ АЙНАЛАМЫЗДА" математикалық сауаттылық апталығы аясында мектебіміздің 5-7 сыныптармен математика пәнінің мұғалімдері Бекмаганбетова Бибіжамал Искаковна, Арыстанова Жанар Серікқызы «Математика адам өмірінде» және Асылбекова Ақмаржан Арыстанқызы «Математика адам өмірінде» және «Сандар күні» атты тәрбие сағатын өткізді. Сонымен қатар, қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Боранбаева Эльмира Талгатовна 6 «А», «Б» сынып оқушыларымен «Математика адам өмірінде» тақырыбында видеоролик жасады және офлайн түрінде өткізді. Аталған іс-шарада оқушылар: Математика адам өмірінде барлық жағдайларға қатысты және күнделікті өмірде қолданатыны жайлы ұғымдарын толықтырып, өз пікірлерін айтты.