«Кеңгір селосының № 2 ЖББМ» КММ-нің "МАТЕМАТИКА БІЗДІҢ АЙНАЛАМЫЗДА" математикалық сауаттылық апталығы аясында мектебіміздің 9 «А» сынып оқушылары және математика пәнінің мұғалімі Асылбекова Ақмаржан Арыстановна «Сандар күні» атты тәрбие сағатын офлайн түрінде өткізді. Оқушыларға «Сандар күні» тақырыбында «Сандар жайлы», «Сандар сиқыры қайдан басталды?» атты видеоролик дайындап, «Жердегінің барлығының сандық таңбасы бар», «Қазақтардың қасиетті сандары», «Қытайлықтар сәтсіз деген санды таңбаламайды» туралы мағлұматтар беріп, түсіндірді. Аталған іс-шарада оқушылар: Адам сандарсыз өмірін елесте алмайтыны анық. Адамның тұла бойынан бастап, жүріп-тұруы, ішіп-жемі, еңбегі мен демалысы барлығы да сандарға тәуелді. Бүгінде есепсіз күнімізді елестету мүмкін емес. Сандардың дәурені жүріп тұр. Тіпті тауарларды айтпағанда адамдардың өзіне ғана тән жеке сандары болады дегенді біраз жыл бұрын айтқанда ешкім сенбес пе еді. Бүгінде тауарды сатып алу, қарыз алу т.т. белгілі сандармен бекітілген нөмірлер арқылы жүзеге асырылады. Ақпараттық заманда кез келген хабар, мәтін белгілі сандардан құралған код арқылы жеткізілетіні жайлы ұғымдарын толықтырып, өз пікірлерін айтты.











