«Кеңгір селосының  №2 ЖББМ» КММ-де 2021 жылдың 3 желтоқсан күні ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай мектебіміздің 2-11 сынып оқушылары диктант жазды.Диктант жазудағы мақсат:ҚР-ы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай білім алушылардың мемлекеттік тілде жазу мәдениетін дамыту,сауаттылығын қалыптастыру,мәтін мазмұны арқылы ұлттық құндылықтарды білім алушылардың бойына сіңіре отырып, патриоттық тәрбие беру. Диктант «Менің елім», «Отан» , «Туған жер» т.б тақырыптар бойынша жазылды.