Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Жалпыадамзаттық Құндылықтар Күнін өткізу аясында 2021 жылдың 23 қарашасында "Кеңгір селосының N2 ЖББМ"КММ-нің 1-11 сыныптарының оқушыларының, педагогтары мен ата-аналарының белсенді қатысуымен адамнын рухани- адамгершілік әлеуетін арттыруға, құндылық бағдарларын, коғамға қызмет ету дағдыларын дамытуға бағытталған іс-шаралар санитарлық эпидеомиологиялық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып ұйымдастырылды. Жоспар бойынша «Сүйіспеншілік адамның басты қасиеті, ақикат- оның негізі, дұрыс әрекет – оның шынайы өмірі» тақырыбында шаттық шеңберлері,«Жалпыадамзаттық кұндылықтар»,«Жүрек қуанышы», «Сүйіспеншілік әрбір жүректе!», рухани-адамгершілік тәрбиесіне арналған кітаптар көрмесі,ата-аналардың «Балалалықтың бал шағы» тақырыбында балалармен бірлескен əңгіме сабақтары, «Жалпыадамзаттық кұндылықтар тәрбиесінің негізі» тақырыптарында өлең,шығарма, эссе, сурет байқаулары,шығармашылық жұмыстарының көрмесі;ұжымдық шығармашылық іс бейнероликтер әзірлеу, дәріс және тағы басқа іс-шаралар өткізілді.









