20 қараша- Балалардың құқығын қорғау күніне байланысты 16-18 қараша аралығында «Құқықтық сана – қауымға пана» жобасы аясында 1-11-сынып жетекшілері оқушылардың құқықтық сауаттылығы мен құқықтық санасы және құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталған «Менің құқығым мен міндеттерім», " Бала құқығы", "Сен өз құқығыңды білесің бе?", "Мои права и обязанности" тақыптарында құқықтық-таным сағаттарын өткізді.. Мақсаты оқушылардың құқықтары мен міндеттері туралы білімдерін толықтыру. Күнделікті өмірлік жағдайларда өз мүмкіндіктері мен құқықтарын жеке және қоғам пайдасына сәйкес шешім қабылдай алу әрекеттерін дамыта отырып құқықтық, азаматтық, париоттық тәрбие беру.