Мемлекеттіліктің негізін бекіткен Қазақстанның экономикалық символы -бұл төл теңге.Ұлттық Валюта Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 1993 жылғы 15 қарашада айналымға еңгізілді. Теңгенің дизайнымен отандық суретшілер жұмыс істеді.Банкноттардың бет жағына Қазақстанның мәдени,рухани және саяси дамуына зор үлес қосқанқазақ халқының тарихи тұлғалары бедерленді. Сыртқы жағында -елдің көрікті табиғи және сәулеттік жерлері бейнеленген.Атаулы күнге байланысты мектебіміздің 11 «А» сынымен «Теңге Ұлттық валюта» тақырыбында қаржылық сауаттылық сабағын экономика пәнінің мұғалімі М.И.Жолаева өткізді.










