Қарағанды облысы білім басқармасының Жезқазған қаласының білім бөлімінің «Кеңгір селосының №2 ЖББМ» КММ-і кітапханасы ұйымдастырумен «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 6 А сынып оқушылары Сайын Мұратбековтың «Жабайы алма» повесін оқып,ойларымен бөлісті.Шығарма соғыс жылдарындағы ел тауқыметі,ондағы адамдар тағдыры,балалар өмірі туралы баяндады.Оқиға басты кейіпкер Қанаттың әңгімелеуімен өрбиді.Балалар бұл шығарманы оқи отырып жақсы мен жаман,адалдық пен арамдық қасиеттерін ұға білгендерін айтты.Жазушының алыста қалған балалық шағының мұңды елестері жадында қайта жаңғырып,көркем шығрмаға арқау болады,-деп ойларын түйіндеді.










