Ресей астанасында өткен жылдың желтоқсанынан бастап коронавирустық инфекцияны жұқтырғандардың тәуліктік ең жоғарғы көрсеткіші - 6 701 жағдай тіркелді. Осыған байланысты Мәскеуде қатаң санитарлық-карантиндік шектеулер енгізілуде. Науқастардың көбеюіне орай Ресей билігі 20 маусымға дейін қоғамдық тамақтану, тұрмыстық қызмет көрсету мекемелерінің жұмысын шектеп, түнгі клубтарда, барларда, дискотекалар мен караокелерде 23:00-ден 6:00-ге дейін ойын-сауық іс-шараларына тыйым салады. 13 маусымнан бастап жұмыс берушілерге кем дегенде 30% қызметкерлерін, әсіресе,ауру жұқтыру қаупі жоғары топтардағы және вакцинация алмағандарды қашықтықтан жұмыс істеу режиміне ауыстыру ұсынылады.










