ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының басқарма төрағасының орынбасары Айнагүл Қуатбаева: «Қазақстанда эпидемиологиялық ахуал тұрақтанды. Бүгінде коронавирус жұқтырудың 381 мың жағдайы зертханалық түрде дәлелденсе, 55024 жағдай зертханалық түрде дәлелденбеген, бірақ коронавирусқа байланысты пневмония жағдайы тіркелген. Бүгінде 2 076 841 адам COVID-19 қарсы бірінші дозамен, 1 млн 21 мың 100 адам екінші дозамен егілді. Вакцинация жұмысы одан әрі тиімді және қолайлы болуы үшін арнайы мемлекеттік мекемелерде, медициналық мекемелердің жанынан 1300-ден аса егу пункті ашылды. Бұған қоса, бизнес және сауда орталықтарында жылжымалы егу пунктері ұйымдастырылды».










