Қарағанды облысы білім басқармасының Жезқазған қаласы білім бөлімінің "Кеңгір селосының N2 ЖББМ" КММ-де 2021 жылдың 22 мамырында Жалпы республикалық ата – аналар жиналысы «2020-2021 оқу жылының аяқталуы және қорытынды аттестаттау туралы» тақырыбында эпидемиологиялық жағдайға байланысты онлайн форматта ұйымдастырылды. Мақсаты: ата-аналарды 2020-2021 оқу жылының қорытындылары туралы хабардар ету.
Күн тәртібінде төмендегі сұрақтар қаралды:
1.2020-2021 оқу жылының қорытындысы.
2.Жазғы мектепті ұйымдастыру туралы.
3.«Қауіпсіз жаз» акция тұжырымдамасы бойынша мектеп оқушыларының жазғы демалыс уақытында қауіпсіздік ережелерін сақтауы туралы.
4.2021-2022 оқу жылына арналған бірыңғай түсті мектеп формасын кезең кезеңмен енгізу туралы.
5.Оқу жылының аяқталуы бойынша іс-шаралар (соңғы қоңырау, мектеп бітіру кеші, жазғы демалыс)
Жалпыреспубликалық ата – аналар жиналысына мектеп әкімшілігі, қамқоршылық кеңестің мүшелері, ұстаздар, 1-11 сыныптардың ата-аналары қатысты.











