Облыстық «Өнегелі өмір» жобасының жоспарына сай 2021 жылдың 22-ші мамыры күні «Кеңгір селосының №2 ЖББМ» КММ-де «Спорт-біздің серігіміз» тақырыбында Жезқазған аймағының «Спортты дамыту орталығы» қоғамдық бірлестігінің президенті, «Жастар ресурстық орталығы» ҚКМ «Жезқазған қаласының еріктілер тобы» жастар ұйымының негізін қалаушы, қалалық Маслихат депутаты Балмағанбетов Саят Сәбиұлымен онлайн форматында кездесу ұйымдастырылды. Кездесуді дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Әбжапбаров Сәруар Сәбитұлы жүргізді. Бұл кездесуге мектебіміздің ұстаздары мен оқушылары қатысты.
Сұхбат барысында оқушылар қонағымыздың өнегелі өмірімен танысып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып ақыл-кеңестер алды. Кездесу өте әсерлі өтті. Мектеп ұжымы және оқушылары атынан Саят Сәбиұлына Алғыс білдіреміз.










