Коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау мақсатында қабылданған шектеу шаралары (қауіп-қатер аймағына қарамастан) кезінде жалпы білім беретін мектептерде соңғы қоңырау және аттестаттарды тапсыру салтанатын өткізу тек санитарлы-эпидемиологиялық талаптардың қатаң сақталған жағдайында ғана рұқсат етілген.

Осы ретте 9, 11 (12) сынып түлектерінің мектеппен қоштасу салтанаттары (соңғы қоңырау, аттестаттарды тапсыру) тек ашық алаңда (таза ауада) өткізілетін болады.

Шараға мектеп түлектерінен басқа олардың ата-аналарының немесе қамқоршыларының (әр түлектің) бір өкілі, сондай-ақ, мектеп оқытушылары құрамынан артық дегенде 6 адам қатыса алады.

Карантин кезінде соңғы қоңырау мен аттестаттарды тапсыру салтанатын өткізуге қатысты талаптар СІЛТЕМЕДЕ

https://www.gov.kz/memleket/entities/kkkbtu/press/news/details/203545?lang=kk&fbclid=IwAR2WsCSi9rIeY2Wkst5joS1y7EMsA06EiHlvf8NZz1aPG1JjjfV0rPiJQRU