Қарағанды облысының білім басқармасы Жезқазған қаласының білім бөлімі "Кеңгір селосының № 2 ЖББМ" КММ -сінде «Бір отбасы – бір кітап » облыстық акциясы аясында Қазақстан Республикасы Теуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Оқырман отбасы» облыстық байқауы өткізілуде. Мақсаты: отбасылық кітап оқу дәстүрін қайта жаңғырту, оқырмандардың жан-дүниесінде рухани ізгілікті қалыптастырып, ҚР тәуелсіздігінің 30 жылдығына – 30 кітап оқу арқылы оқырман отбасын анықтау. 4 «А» және 4 «Б» сынып оқушысы Дүйсенбек Ерұлан М. Базарбайқызының «Әкесін іздеген ұл», Советова Эльвира Бердібек Соқпақбаевтің «Жекепе жек» шығармаларын отбасымен оқыды.









