«Бір отбасы – бір кітап » акциясы аясында оқырман отбасы «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап» тақырыбында поэзия бөлімі бойынша қазақтың қара өлеңін кие тұтқан, жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырлармен қалың жұртшылықтың махаббатына бөленген ақын Мұқағали Мақатаевтың «Өмір – дастан» атты өлеңдер жинағын 5 «А» сынып оқушысы Атығай Інжу өз отбасымен оқыды. Атасы Атығай мен әжесі Күләш немерелеріне ақынның өмір жолымен таныстырып, поэзияны сүйіуге оны бағалау білуге, рухани танымын кеңейтуге ықпал етті. Інжу ақынның өлеңін жатқа айтып берді.