«Кеңгір селосының #2 ЖББМ» КММ-нің жанындағы «Айгөлек», «Балапан» шағын орталықтары «Жезқазған қаласының білім бөлімі» ММ -нің ұйымдастыруымен өткен «Көрпе FEST» онлайн челленджіне қатысты.Шағын орталық тәрбиешілері топтағы тәрбиенушілердің ата -аналарымен онлайн форматта балалардың бойында ұлттық қолөнерді дамыту мақсатында құрақ көрпе жасау өнерін балаларға үйрете отырып, видеороликтер дайындады.









