Қарағанды облысы білім басқармасының Жезқазған қаласы білім бөлімінің «Кеңгір селосының N2 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де 2021 жылдың 5 наурыз күні «Ақберен» байқауы онлайн форматта өтті. Байқауға мектебіміздің 8-11 сынып оқушылары қатысты. Қатысқан өнерпаздар «Көркемсөз», «Ұлттық аспапта өнер көрсету», «Эссе жазу» бағыттары бойынша бақ сынасты. 9-сынып оқушысы Сапабек Уәлихан Құрманғазының «Адай» күйін орындады.









