2021 жылдың 6-ші наурызында Қарағанды облысының білім басқармасы Жезқазған қаласының білім бөлімі «Кеңгір селосының №2 ЖББМ» КММ-де «ХХІ ғасыр — сауатты ұрпақ ғасыры» атты Оқу сауаттылығы апталығының жоспарына сәйкес, 5-7 сынып оқушыларына ағылшын тілі пәні мұғалімі Сүттібаева М.А. қазақ халқының танымал жазушылары туралы ақпарат берді. Ақпаратта Мұқағали Мақатаев, Олжас Сүлейменов, Жамбыл Жабаев, Ыбырай Алтынсарин және осы жазушылардың шығармалары жайлы айтылды.

#оқусауаттылығыапталығы #неделячитательскойграмотности