Жезқазған қаласының білім бөлімі, Қарағанды облысы «Сарыарқа дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен 2021 жылдың 8 ақпанында 5-11 сынып оқушылары арасында өткізілген «Жыр алыбы-Жамбыл» тақырыбындағы онлайн-өнер байқауының қалалық кезеңінде «Сұраншы батыр» дастанын оқып, «Домбырасын серік қып, Өткізді Жамбыл ғасырды» номинациясы бойынша 9 сынып оқушысы Нұрлан Роза ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
Жетекшісі: қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Асаубаева Замзагуль Тауфиховнаға шығармашылық табыс, сарқылмас ізденіс тілейміз!
Мектеп мерейі үстем болсын!










