Көктем мерекесі әйелге тән әдемілік пен нәзіктіктің мәңгі белгісі. Біздің қазіргі қоғамымызда әйел тек отбасының береке-бірлігін ойлайтын тұлға ғана емес, ол мемлекеттің өмірге және саяси мәселелерге белсене араласатын қоғам мүшесі болып табылады.
 
Кеңгір селосының N2 жалпы білім беретін мектебіне елеулі еңбек сіңірген, қазірде ақ жаулықты әже, ардагер ұстаздарды және қазіргі кезде еңбек етіп отырған ұстаздар ардақты аналар, аяулы ханымдарды мектеп әкімшілігі және кәсіподақ ұйымы көктемнің шуақты күндерімен келе жатқан 8 - наурыз халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтайды! Отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілейміз!