2021 жылдың 4-ші наурызында Қарағанды облысының білім басқармасы Жезқазған қаласының білім бөлімі «Кеңгір селосының №2 ЖББМ» КММ-де «ХХІ ғасыр — сауатты ұрпақ ғасыры» атты Оқу сауаттылығы апталығының жоспарына сәйкес, 10-11 сынып оқушылары арасында ағылшын тілі пәнінен «Менің өмірімді өзгерткен кітап» тақырыбында эссе жазды. Іс-шараның мақсаты: оқушылардың эссе авторына әсер еткен кітапқа өз көзқарасын білдіру қабілетін қалыптастыру, оның баспа сөзі мен тілін қолдана отырып, еркін шығармашылық түрінде оның өмірлік ұстанымын қалыптастыру.