2021 жылдың 4-ші наурызында Қарағанды облысының білім басқармасы Жезқазған қаласының білім бөлімі «Кеңгір селосының №2 ЖББМ» КММ-де «ХХІ ғасыр — сауатты ұрпақ ғасыры» атты Оқу сауаттылығы апталығының жоспарына сәйкес, 5-7 сынып оқушылары мектеп кітапханасына барып, кітапханадағы әдеби кітаптармен танысып, «мен, кітап және интернет» атты анкетаға жауап берді. Анкета орыс тілінде және ағылшын тілінде құрастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты: оқушыларды кітап оқуға ынталандыру, қызығушылығын арттыру. Іс шараға орыс тілі және ағылшын тілі пәні мұғалімдері қызыға қатысып, белсенділік танытты. 

#оқусауаттылығыапталығы #неделячитательскойграмотности