2021 жылдың 3-ші наурызында Қарағанды облысының білім басқармасы Жезқазған қаласының білім бөлімі «Кеңгір селосының №2 ЖББМ» КММ-де «ХХІ ғасыр — сауатты ұрпақ ғасыры» атты Оқу сауаттылығы апталығының жоспарына сәйкес, 10-11 сынып оқушылары арасында орыс тілі және ағылшын тілі пәні мұғалімдері Бағланова К.Ж., Жайнибекова Ғ.Х., Арынгазина А.Ж. «Я люблю изучать языки!» атты зияткерлік сайыс өткізді. Іс-шара мақсаты: оқушылардың тілдерді үйренуге деген қызығушылығын арттыру, тілдерге деген құрметті көзқарасын қалыптастыру, сауатты сөйлеуін қалыптастыруға ықпал ету, топпен жұмыс жасау қабілетін дамыту, танымдық белсенділігін арттыру.










