2021 жылдың 2-ші наурызында Қарағанды облысының білім басқармасы Жезқазған қаласының білім бөлімі «Кеңгір селосының №2 ЖББМ» КММ-де «ХХІ ғасыр — сауатты ұрпақ ғасыры» атты Оқу сауаттылығы апталығының жоспарына сәйкес, 8-9 сынып оқушылары арасында орыс тілі және әдебиет пәні мұғалімдері Бағланова К.Ж. және Жайнибекова Ғ.Х. «Не? Қайда? Қашан?» зияткерлік ойын ұйымдастырды. Іс-шараның мақсаты: оқушылардың әдебиет, өнер туралы білімдерін қайталау және кеңейту, танымдық қабілеттерін дамыту.