2021 жылдың 1-ші наурызында Қарағанды облысының білім басқармасы Жезқазған қаласының білім бөлімі «Кеңгір селосының №2 ЖББМ» КММ-де «ХХІ ғасыр – сауатты ұрпақ ғасыры» атты оқу сауаттылығы апталығы аясында мектебіміздің орыс тілі және ағылшын тілі пәндерінің мұғалімдері арасында «ХХІ ғасыр: болашақ бүгіннен басталады» атты іс-шара өткізілді. Іс-шараның мақсаты: орыс және ағылшын тілі мұғалімдерінің ауызша және жазбаша қарым-қатынастың әр түрлі түрлерінің негізгі әдістері мен тәсілдерін меңгеру деңгейін бағалау.