2021 жылдың 1-ші наурызында Қарағанды облысының білім басқармасы Жезқазған қаласының білім бөлімі «Кеңгір селосының №2 ЖББМ» КММ -де «ХХІ ғасыр- сауатты ұрпақ ғасыры» орыс тілі және ағылшын тілі пәндерінің оқу сауаттылық апталығының ашылуына арналған салтанатты жиын өтті. Жиын барысында мектебіміздің орыс тілі және әдебиет пəнінің мұғалімі Жайнибекова Ғайни-Жамал Хасеновна апталықтың мақсаты мен міндеттерімен таныстырды. 5 сынып оқушылары орыс тілі және ағылшын тілінде тақпақтармен өлендер айтты. Орыс тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Жайнибекова Ғайни-Жамал Хасеновна апталыққа қатысушы оқушыларға сәттілік тілеп, белсенділік танытуға шақырды.