2021 жылдың 1-6 наурыз күндері Қарағанды облысы білім басқармасының Жезқазған қаласының білім бөлімінің «Кеңгір селосының № 2 жалпы білім беретін мектебінде «ХХІ ғасыр- сауатты ұрпақ ғасыры» атты орыс тілі және ағылшын тілі пәндерінің оқ сауаттылық апталығы өтеді.
Іс-шараның мақсаты — оқушылардың танымдық қызығушылығын, жеке, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Міндеттері:
— орыс тілі және әдебиет пен ағылшын тілі сабағына деген қызығушылықты қалыптастыру;
— оқушылардың орфографиялық сауаттылық деңгейін арттыру;
— оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру;
— оқушылардың сөздік қорын байыту;
— оқушылардың коммуникативті дағдыларын дамыту;
— оқушылардың жеке тұлғаны одан әрі жетілдіру көзі ретінде оқуға деген қажеттілігін дамыту;
— мұғалімдердің, ата-аналардың, кітапханашылардың оқу сауаттылығын арттыру және отбасылық оқуды дамыту бойынша күштерін біріктіру.
Апталыққа мектеп ұстаздарын, оқушыларын және ата-аналарын белсене қатысуға шақырамыз!!!









